Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу — үлкен өнер

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>

лдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.

VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.



3 -- 4-сабақ

Сабақ тақырыбы:
Онлайн сөздігін қарадың ба?
Білімділік:
Қазақ тілінде берілген мәтіндер негізінде онлайн сөздіктер жайлы ақпараттық ұғымын молайту.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы тіл дамыту жұмыс- тарын жүргізу.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ғаламторды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы онлайн сөздігін қалай пайдалануға болатындығын айтады, сұрақтарға жау- ап береді, сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолдану арқылы онлайн сөздікті, оның тиімділігін сипаттайды, мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, айтылған ақпараттарды салыстырады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): онлайн сөздікті қолдану жөнінде мәтін құрайды, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады, кесте, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды, мәтіндегі көтерілген мәселелер жөнінде өз ойын дәлелдеп айтады.
Жаңа сөздер:
Қостілді сөздіктер, сапасы, аударма.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерле

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: