тық сома шығындалып отыр. Жалпы шығын көлемдері облыстық бюджеттен үнемделіп жұмсалып отыр.
Батыс Қазақстан облысы бойынша шығын көлемдеріне экономикалық талдаулар жасағаннан, білім беру саласы мен денсаулық саласына шығындар көлемдері жоғары үлес салмақтарды алғанын анықтадық. Себебі бұл шығындардың барлығы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Диаграмма-4
БҚО бюджетіне бекітілген денсаулық сақтау шығындарының құрылымы
2. 3 Жергілікті бюджеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелеріне сәйкес әзірленді.
Болжам Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы 699 қаулысымен мақұлданған 2011-2015 жылдары экономиканың 7 пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары негізінде әзірленді.
Болжамда көрсеткіштер болжамы, облыстың бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатының басымдықтары, облыс бюджетінің үш жылға арналған негізгі параметрлерін қоса алғанда, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2015 жылдарға арналған басымдықтары мазмұндалды және осы жылдарға бюджет көрсеткіштері талданған. Бұл көрсеткіштер 2012 жылғы «11»қазандағы 191 облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Батыс Қазақстан Облысының салық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары мыналар:
1. Фискалдық саясат азаматтардың тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда және тұтастай алғанда еліміздің, сондай-ақ оның аймақтарының д
Страницы: << < 90 | 91 | 92 | 93 | 94 > >>