стициялық жобаларды дайындау, қарау, іріктеу үдерісін реттеу;
- бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің ара жігін нақты ажырату.
Қысқа мерзімді келешекте Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында баяндалған іс-шаралардың іске асырылу қажеттігіне бағдар ұстай отырып және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға, бюджет орнықтылығын қамтамасыз етуге, қатаң бюджеттік тәртіпті қадағалауға, экономиканы әртараптандыруға бағытталған сараланған фискалдық саясат жүргізілетін болады.
Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларында белгіленген, мемлекеттік органдар қызметі нәтижелілігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, бюджет үдерісінде нақты орта мерзімді бағдарлар шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджет үдерісінің барлық қатысушыларының жауапкершілігін арттыруға бағытталатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және өздеріне жүктелген қызметтерді жүзеге асыруы үшін оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген қағидаттарды және түсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуге, өзара қатынастардың анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету деңгейін оларды алушыларға жақындатуға бағытталған.
Аумақтардың экономикалық дамуының тым саралануы салдарынан кіріс базасының өңірлер арасында біркелкі бөлінбеуіне байланысты халықтың мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуіне қол жеткізу үшін бюджеттік субвенция және бюджеттік
Страницы: << < 92 | 93 | 94 | 95 | 96 > >>