Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  89 | 90 | 91 | 92 | 93  >  >>

лған

Облыс бойынша денсаулық саласына жұмсалған шығындарға тоқталатын болсақ, ең жоғарғы үлес салмақты үш жылда да (25; 50,8 ; 41,8) емхана шығындары алып отыр. Себебі қазір Қазақстанда халықты жаппай скрининг бағдарламасы бойынша, тексеруге сәйкес заманауи техникалар мен технологияларды, медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражаттар көптеп бөлінген.
Мамандандырылған дәрігерлік көмекке шығындар 2011 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 119536 мың теңгеге артса, кейінгі жылмен салыстырғанда 211 мың теңгеге кеміп тұр, яғни облыстағы жедел дәрігерлік көмекке қажет техникалар мен жабдықтармен толық қамтылып отыр.
Дәрігерлік көмектің басқа түрлеріне шығындар болса жылдан-жылға 1692 мың теңгеге және 893 мың теңгеге өскенмен жоғары мөлшерде емес. Бұдан біз аталған саланың ұсақ шығындарына бюджет қаражаттарын үнемдегенін көреміз.
Халықтың денсаулығын қорғау шығындарына тоқталсақ, олар жылдан-жылға 9192 мың теңгеге және 101100 мың теңгеге өсіп тұр, бұл бюджет қаражаттарынан ауруына байланысты есепте тқрған азаматтарға дәрі-дермектерді, емдеу шығындарын қамтамасыз етуге сәйкес болып тұр.
Кең профильді аурухана шығындарына тоқталатын болсақ, бұл салаға шығындалған қаражаттың құрылымы жылдан-жылға 0,8 және 16,2 өсіп тұр, яғни аталған аурухана замануи құрал-жабдықтармен жабдықталып отыр.
Денсаулық сақтау облысындағы басқа да қызметтерге шығындар 2010 жылды кейінгі жылдармен салыстырғанда 10440108 мың теңгеге және 10493524 мың теңгеге артық, себебі бұл жылы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен дәрігерлер шетелден білімдерін жетілдірген және кәсіби тәжірибеден өткен.
Денсаулық сақтау шығындары барлығы сараласақ, 2011 жылды алдыңғы жылмен салыстырсақ 10242169 мың теңгеге азайып, 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 1959944 мың теңгеге ар

Страницы: <<  <  89 | 90 | 91 | 92 | 93  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: