Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  87 | 88 | 89 | 90 | 91  >  >>

және 209498 мың теңгеге көбейіп тұр. Ал 2012 жылды 2010 жылға пайыздық мөлшерде есептесек 77,7 пайызды көрсетіп тұр. Бұл бюджеттің үштен бір бөлігін аталған салаға шығын қаражаттары алып отыр, себебі қазір Қазақстанда кәсіптік білім беру саласына көңіл бөлініп отыр, яғни осы сала мамандарына нарықта сұраныс жоғары.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру шығындары да жылдан-жылға құндық нысанда 1355802 мың теңгеге және 1487200 мың теңгеге ұлғайып тұр, яғни қазіргі таңда елімізде жалпы орта мектептерде оқытуға көңіл бөлініп отыр. Қазір мектептерде жаратылыстану математика бағыттарына арналған сыныптарды заманауи технологиялармен жабдықталуда, және шет тілі сыныптары лингофондық құралдармен, мульти-мединалық құралдармен, және интеративтік тақталармен, және мектептердің барлығы интернет көздеріне толықтай қосылған, осы аталған көрсеткіштер арқылы шығындар өсіп тұр.
Облыстың білім беру саласын басқаруға шығындарда 2012 жылды алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 617433 мың теңгеге және 100429 мың теңгеге артық, аталған шығындардың өсуі бұл облыс орталығында және аудандар мен ауылдарда мамандандырылған мектептердің ашылуынан және оларға ағымдағы шығындардың көбеюінен болып отыр.
Мамандарды қайта даярлау шығындары да жылдан-жылға 94858 мың теңгеге және 109869 мың теңгеге өсіп отыр, яғни бұл облыстағы «Білімді жетілдіру» институтының шығындары және мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарына бюджеттен қаражаттар көптеп бөлінуде, себебі Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігінің ұсынған бағдарламасы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған бағдарламаға сәйкес, барлық мектеп мұғалімдері 2020 жылға дейін осы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіру курстарынан өтуі тиіс. Осы аталған

Страницы: <<  <  87 | 88 | 89 | 90 | 91  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: