ны дамытуда Кейнстің жасаған еңбектері зор. Оларға жататындар:
экономика жүйесінің өзін-өзі реттеуі мүмкін еместігі жөніндегі тезисі;
бағадан нақты өнім жасауға ауытқуы ;
пайыз көлеміне деген жаңа көзқарас;
инвестиция мультипликатор туралы ой;
кажеттілікке деген бейімділік пен өтімділікті сақтау сияқты түсініктерді енгізу.
Экономика тарихындағы ерекше орынды Шотландияның атақты экономисі А. Смит иеленген. А. Смит (1723-1790 жж. ) аралығында өмір сүрген ұлы ғалым. Ғалымның ерекше еңбегі «Халық байлығының табиғаты мен себептері» кітабында «Көрінбейтін қол» қағидасын сипаттайды, оған сәйкес, егер әрбір адамға мемлекеттің қатысуының өзінің жеке пайдасының ізіне түсуіне мүмкіндік берілсе, оның ең жоғарғы игілікке жету жолында «Көрінбейтін қол» жетелейді. Нарықтық экономика жағдайында жеке мүдделік нарықтық бағалар жүйесі арқылы алынады, кәсіпкерлер кірісті барынша көбейтуге тырысады, ресурс иеленушілер өздерінің ресурстары үшін ең жоғары баға алуға тырысады, нәтижесінде алынған қорытынды көп жағдайда қоғамға көп пайда алып келеді.
Смит құнның еңбек теориясының аса маңызды категорияларын жасады. Ол еңбекті құн субстанциясы деп таныды, ақшаның тауарлық табиғатын қорғады, айырбас пен тұтыну құнынанайыра білді, еңбектің тауарда көрініс табатын екіжақты сипатын түсінуге жақын келді.
Смит буржуазиялық қоғамның таптық құрылымын негізгі үш топқа жалдамалы жұмысшыларға, капиталисттерге және жер иеленушілерге бөліп, жалдамалы жұмысшыларды қалған екі топқа қарсы қойды.
Жұмысшының еңбек өнімінен табыс, пайыз және рентаның туатынын мойындайды. Сонымен қатар А. Смит жалақы мәселесіне көңіл бөлген. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар:
Жалақы, еңбек бағасы (еңбекпен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дә
Страницы: << < 37 | 38 | 39 | 40 | 41 > >>