режесі мен динамикасы нарықтық факторлар-сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
Жалақы жұмыс күші тауар құнының ақшалай көрінісі(бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнының бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Бұл екі тұжырымдамада А. Смит пен қоса Д. Рекардоның теориясына негізделген. А. Смиттің пайымдауынша еңбектің табиғи бағасы бар, немесе «табиғи жалақы» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшы мен отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі.
А. Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құнының ең азы мен анықталады. Жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндіреді.
Жалақы дәрежесінің төмендігін және оның тіршілік ең аз мөлшеріне өте жақын болу себебін жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырады.
Жалақы динамикасын экономика жағдайымен байланыстырады. Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де, нарықтық жалақы «табиғи жалақыдан» жоғары болады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) көтермейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді, керісінше жалақының төмендеуі жұмысшылар санымен еңбекке деген ұсыныстың қысқаруына тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді.
Жалақы жұмысшымен отбасының күнкөріс заттарының физикалық ең аз мөлшері деген түсінік, жалақының «тастай қатты заңының» негізін қалады.
А. Смит нарықтық экономиканың дамуы белгілі бір заңдылықтарға сәй
Страницы: << < 38 | 39 | 40 | 41 | 42 > >>