:
1. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
2. Қаржының қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
3. Қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпо
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>