бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Қаржы ресурстарының көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі болып табылады (4-суретті қараңыз).
Ж а л п ы қ о ғ а м д ы қ ө н і м
Материалдық шығындар
Қажетті өнім
Қосымша өнім
ӨЗІҢДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР) Ұлттық табыс
Амортизациялық Айналымдағы Материалдық шығындар Әлеуметтік Таза
аударымдар қаражаттар құрамындағы төлемдер қорларға табыс
аударылатын
аударымдар
Халықтан Жанама
алынатын салықтар
салықтар (ҚҚС,
4-сурет. Қаржы ресурстары
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары жасалады. Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдардың қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаруашылық органдардың басқа қорлары қалыптасады.
Егер орталықтандырылмағ
Страницы: << < 16 | 17 | 18 | 19 | 20 > >>