Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

егі), мақсатты қорлар және т. б. жасалады.
Бұлайша қорларын нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, теңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
Қаржылық шаруашылық-бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбікке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: