рындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін айтады.
Егер жиынтық өнімнің (cvm) материалдық-заттық және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50 құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақшакөрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.
Қаржы ресурстардың құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>