ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарыбизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;
Кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды ненсиелендіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы кредит берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
- кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белменді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтірінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді. Қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>