"Жітіқара ауданы білім бөлімі" ММ "Гимназия" КММ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі:
Макашева Гүлмира
Оралбайқызы
"Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану"
"Өмір бойы білім алу" әрбір
қазақстандықтың жеке
кредосына айналуы тиіс"
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. "Өмір бойы білім алу" әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс" делінген.
Инновация деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланыст
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>