ңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету. Технология мен әдістеменің мақсаты бір - "қалай оқыту мәселелерін қарастырады". "Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. "Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады" деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т. б, таным әрекетерін жасайды. "Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық" деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ал, инновациялық технологиялардың бірі - ақпараттық технология.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>