Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ы.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде. Қазақ тілі сабағының басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта қазақ тілі мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы". Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: