Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Коммуникативтік әдіс - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым - қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі. Ойлау - сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері. Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады - тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу - ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінгін қамтамасыз етеді. Оры

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: