Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
М. Қ. Теміржанова
Ақсу қаласының 7 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілін орыс сыныптарындағы оқушыларға меңгерту басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға белгілі. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың мақсаттары-оқушыларды дұрыс сөйлеу,сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып,мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Мұғалімінің негізгі міндеті - қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты,тиімді өткізу.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру,мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат - коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлга ретінде қалыптасуына әсер етеді,оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
Коммуникативтік әдіс - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын,белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын,тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп,тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де,оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу,оқу, жазу,түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу,тыңдау, жазу - ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта да

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: