Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

логияны 6,7 сыныптарда қолданамын. Әр жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгеру кезінде балалар топқа бөлініп, әрбіріне бес міндет беріледі:
Мәнерлеп оқу. Түсіну. Сұрақтар қою немесе диалог құрастыру. Сызба арқылы өз ойларын айтып беру. Грамматика.
Ойымызды қорыта келсек, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды. Осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова "Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы"
2. Б. А Әрінова. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. "Қазақ тілі Қазақстан мектебінде", 2008, 1.
3. З. Ш. Ерназарова Саналы коммуникативті оқыту әдісі. "Қазақ тілі: әдістеме" 2007, 4.
4. Г. С. Қасбаева Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары "Қазақ тілі Қазақстан мектебінде" 2008, 5

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: