болу керек. Сабақта техникалық оқыту құралдары,дидактикалық материалдар,слайдтар,флипчарттар,суреттер және сабақтың әр түрлері,оқыту тәсілдері,сонымен қатар,оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеріп отыру. Тілдің қызметі,сөйлесу қағидасы - оқушыларды жаңа сөздерді,сөз тіркестерін,грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету. Технологияның элементтерін қолдана отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп,қолдана білу,ауызекі сөйлеу,мәнерлеп оқу,логикалық ойлау қабілеттерін,сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін.
Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болады,сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетіндігін дәлелдейді. Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат - нәтижелі пайдалану. Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасау,жеке оқушымен жұмыс істеу. Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып,сабақта оқушылардың білімділігін,іскерлігін,адамгершілік,эстетикалық,патриоттық сезімін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру,жинақтау,талдау,нақтылау,жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен,жеке,жүппен істеу арқылы жетістіктерге жетеміз. Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп,тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>