Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек дейміз.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - елімізді мекендег
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>