с мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары - оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті - қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытуды технологиясын қолданамын. Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады: сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу
мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу
оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету
синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу
Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізген дұрыс.
Сонда ғана нәтиже жақсы болады. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтық т. б. ) іріктеп алу қажет. Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет. Менің ойымша, пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеуден, оны тыңдаудан, сөйлем құраудан, аударудан , оқудан, жазудан құралу керек.
Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика). Осы материал үш бағытқа бөлінеді:
Лексикалық бағыт - айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.
Фонетикалық бағыт - дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әр сыныбымда қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, сипаттап, сол әріп бар сөздерді қайталап, әр сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталамын.
Грамматикалық бағыт - жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту,сөйлем құрастыру. Осы үш материал 1-11 сынып оқушыларының арасында, жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады. Мен осы техно
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>