миды.
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым - қатынас жасаушылардың бір - бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып,жетіліп отырады,бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды өмір талап етеді. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын. Соның бірі Е. И. Пассовтың коммуникативтік технологиясы. Осы технологияның негізгі қағидалары- тілге бағыттау,тілдің қызметі,ұжымдық өзара қимыл және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Технологияның мазнұны - оқу үдерісін күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсастыру,ал әдістемелік маңыздылығы екі фактормен түсіндіріледі. Бірінші фактор - тасымалдау жағдайы. Ол оқыту жағдайының және оқытудың нәтижесін күнделікті өмірдегі жағдайларға ұқсастығын қамтамасыз ету. Екінші фактор - оқуға ынталандыру жағдайы. Ол тіл үйренуге деген ынта және оқушының заман талабына сай өзгетілді үйренуі. Оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасы мұғалімнің қарым-қатынасты ұйымдастыруына байланысты. Тілдік қарым-қатынас ол оқушының іскерлігі,еркі және мұғалімнің оқушыны сөзге тартудағы белсенділігі. Оқушымен мұғалім арасындағы тілдік қатынас болу үшін мақсат,тақырып және сөйлеген жағдайда күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы керек. Осы факторлар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін,дағдысын тексеру үшін әр түрлі белсенді тапсырмаларды енгізген жөн. Тапсырмаларды берген соң оқушылардың білімін,іскерлігін,дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастыру. Пәннің мазмұны,дидактикалық элементтерінің жүйесі құрамында сөйлеу,оны тыңдау,сөйлем құрастыру,аудару,оқу,жазу
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>