лады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін өз тәжірибесіне қолдануды таңдап алады, үнемі ізденісте болады.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Өзара қатынасқа және сойлесуге құрылған оқыту оқу үрдісінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар: топтық, жұптық, ұжымдық, жұмыстар болып табылады. Оқытудың бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары болады. Олар: семинар, оқу конференциялары, диспут, топтық пікірталас.
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс - әрекет жүргізу ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу. Оқу үрдісінің нәтижелі болуы бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оның ішінде оқу бағдарламасына, оқулықтарға, материалдық- техникалық базаға оқушының ынтасына пән бойынша білімі мен пәнді оқыту бойынша кәсіби даярлығына байланысты болады. Қазақ тілін оқыту мазмұнын, әдіс тәсілдерін, формасын педагогикалық талап негізінде таңдау педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, педагогикалық іс - әрекеттегі таным құралдарын (теледидар жүйесін, компьютерді т. б) қолдану, теориялық білімдерді тәжірибелік іс - әрекеттерімен ұштастыру, оқу пәндерімен байланысты жүзеге асыру арқылы болашақ мамандардың пәнді оқытудағы тәжірибелік бағыты бойынша білімдері мен іскерліктері анықталады. Оқытушы әр оқушының қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын біліп отыруы қажет. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. Білім
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>