Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пән сайлы болуы керек", - деп аталған екі факторды ерекше көрсетеді. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту.
XXI ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог - педагог қауымының еншісінде екенін басты назарда ұстауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2011.
2. К. Аханов Тіл білімінің негіздері. Алматы. "Санат" 2002
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. "Мұрагер", 2005
4. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте 6 2014
Страницы: << < 4 | 5 | 6