Қазақ тілі пәнін оқытудың әдістемесін жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

r/> бір- бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді;
өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі;
Қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіру мүмкіншілігін біледі;
2. Жаңа білім бойынша өз болжамдарын тыңдап,талқылауды үйренеді;
3. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеті, танымдық белсенділігі артады;
4. Бір - бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады;
5. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, сонымен қатар өзінің және өзгелердің пікірлері мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді;
6. Оқушылар өз ойымен, іс - тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Осындай сабақтар барысында оқушылар өздерінің, бір - бірінің ой - пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сөйтіп, осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін - өзі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері әдістер, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнынының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда. Пәннің тағылымдық мәнін, рухани әсер күшін, эстетикалық талғамын шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды. Сабақ қажетті оқу - әдістемелік құралсыз шешілмейді.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: