Баяндама: "Қазақ тілі пәнін оқытудың әдістемесін жетілдіру жолдары"
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді компьютерлендірудің қажеттілігі біріншіден, оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан - жақты дамыған дара тұлғаны тәрбиелеу, екіншіден, оқушының шығарашылық қабілетін дамыта отырып, компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану. Мысалы, қазақ тілі сабағында арнайы электронды құралдың құрылымы бірнеше негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады:
тақырыпқа байланысты мәтіндер
тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
сөздік қорды толықтыруға арналған жаттығулар
грамматикалық тестер
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өзіндік жұмысына бағыт беріп оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалану да тиімді. Оқытудың инновациялық технологиясы бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс - әрекеттер түрлерінің мазмұны мен тікелей бай
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>