беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін және ұлттық құндылықтардың қалыптасуын, даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Жаңа технологияларды пайдалануда ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы негізгі мақсат мынаған саяды:
білім сапасын көтеру;
білімнің қолжетімділігін арттыру ;
педагогикалық әрекеттердің заман талабына сай бейімділігін арттыру;
жаңа тақырыпты түсіндіру ;
білім білік дағдыларын қалыптастыру ;
алған білімін іс жүзінде пайдалану машығын меңгеру;
оқу материалын қайталау мен бекіту;
білімді меңгеру деңгейін бақылау;
танымдық әрекеттерін ұйымдастыру;
зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру;
жобалау әрекеттерін ұйымдастыру;
білім сапасындағы кемшіліктерді диагностикалау мен түзету;
өзіндік жеке жұмысты ұйымдастыру ;
оқу сабақтары мен оқу материалдарын жоспарлау;
сабаққа арналған баспа материалдарын даярлау;
сабаққа арналған электрондық оқулықтарды даярлау ;
сабақ және қосымша сабақтар өткізу;
Бұл технологиялардың педагогикалық негізгі қағидаларды: оқушыларға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту оқушының өз бетімен әректтену әдептерін меңгерту, танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқушылардың жан- жақты дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі болып табылады. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленеді. Сондай- ақ оқытудың жаңа әдістерін іс - тәжірибеге енгізу мақсатында оқушылар бойынан мынадай қасиеттерді көруге болады:
әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>