ына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Өз толғауларында ақын өзін "Ер Доспамбет" деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол "астына қарт күреңді мініп", "болат қылыш асынып" жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол "күңіреніп күн түбіне жортқан", "садақ толған сайгез оқ өткеріп", "арғымақтың талдай мойнын талдырып" көп жорықтарға бастаған. Сол жорық-шайқастарда батыр басына талай қауіп-қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қайтқан
Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясыңдағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол "дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді", "дулығалы бас кескен, ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!" деп, батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек "жалаңаш барып жауға тиер" ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. "Батыр жігіт қол бастар" деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен.
Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген не, жаман деген не, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне, осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар парасаттылық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда ақын жастарды адал достыққа, қалтқысыз жолдастыққа үндеген. Осы бір пікірлер -- оның жырының өзегі
Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасады, ерлік көрсетеді.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>