мен байланысты кеңілдегі мұң-шерді, қайғы-қасіретті сыртқа шығарған өлең-жырларды көңіл-күйімен байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді. Қоштасу. Қоштасу өлеңінің негізіңде белгілі бір қайғылы хал жатады. Қазақ халқы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді. Жат жұрттық жаулармен соғыс кезінде кір жуып, кіндік кескен жерін тастап, қоныс аударуға тура келді.
Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы ақындары, шешендері, жыршылары елінің хан-сұлтандарымен келісе алмай, басқа жаққа кетуге мәжбұр болған кездер бар. Сондайлардың кейбіреулері патша үкіметімен, бай, болыстармен ұстасып, Сібірге жер аударылды. Күтпеген жерден сүйікті баласынан, сүйген жарынан айырылды. Міне, осындай жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.
Қоштасу өлеңдерінің тақырыбы әр алуан болса да, мазмұны, түрі төркіндес келеді. Олардың қай-қайсысында болса да көңіл күйі, еліне, жеріне, ғашық жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі білдіріледі.
Асан-өз заманының асқан ақылгөйі. Одан қалған "таза мінсіз асыл сөз" аз болмаса керек,бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері,терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп ,еліне шұрайлы,жайлы қоныс ,шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған. Мал баққан көшпелі елге керегі - бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде жаугершілік ,басқыншылық,соғыс,құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған. Олар ел берекесін кетіріп ,күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген. Азаулының Стамбулдан несі кем" деген жолдар
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>