Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ішіндегі ең көне түрі -- қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен шыққан.
Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама-қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінде жанды-жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл-парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат-мұратына жетеді
Адамның дүниеге келуі қандай заңды құбылыс болса, дүниеден өтуі де сондай заңдылық. Туу, өсу, өлу, қайта жаңғыру -- табиғатқа тән нәрсе. Адам да -- табиғаттың перзенті. Адам дүниеге жылап келіп, жылап кетеді. Тіршіліктегі қуаныш сезімін, өмірінің әр кезеңін өлең-жырмен өрнектеу қандай заңды болса, өліммен байланысты қайғы, мұң-шерді де осылай атап өту ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деуі осы жағдайды сипаттаудан туған. Адам өлімі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: