Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.
Бұқар -- халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.

Бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 24-25 оқу, мазмұндау





Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: