Қазақ елінің елге мəшхүр тұлғалары жайында

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

74 жылды құрайды. Сонау 1942-1944 жылдарда колхозда еткен еңбегі ресми түрде еңбек майданының қатысушысына теңелді.
Қ. О. Оқаевтың еңбек жолы бұрынғы Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Денгиз ауданы Утеры селосындағы "Қызыл таң" колхозында колхозшы болудан басталып, сол ауданның "Путь к коммунизму" колхозында бас бухгалтер қызметін атқаруға дейін жетті. Сол жылдардағы өндірістің бастапқы буынынан бастау алған еңбек жолы Қаби Оқаұлы үшін нағыз өмір мектебіне айналды. Сол кезден-ақ өзіне және айналысындағыларға қатал талап қоя білу, басқалардың қуанышын шын жүректен бөлісу, жанындағылардың мұң-қайғысына ортақтаса білу сияқты өмірлік ұстанымдар қалыптаса бастады.
Қаби Оқаұлы елуінші жылдардың басында тез мерзімдік әскери қызметте жүріп, әскери және саяси қызметтің үздігі атанды, оған команда бөлімінің әртүрлі құттықтау хаттары мен марапаттау құжаттары тапсырылып, команда мен әріптестер арасында үлкен абыройға ие бола білді. Әскери бөлім орналасқан Иркутск облысындағы Братск аудандық комсомол комитеті пленумына мүше болып сайланады. Соғыс кезінде үзіліп қалған оқуды әскерде жүріп Братск қаласындағы жұмысшы жастардың кешкі мектебінде жалғастырады.
Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау шағында қарапайым колхозшыдан басталып, одан кейін өзі білім алған қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 жыл бойы шыңдалудан өткен Қаби Оқаұлы ел аузында "Нархоз" деп айтылып кеткен, бүгіндегі республикамыздағы беделді білім ордасы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің шаңырағын көтеруге, уығын шаншуға, түптеп келгенде, бұл оқу орнының көшбасшылар арасынан көрінуіне есепсіз тер төкті.
Жиырма жылдан астам уақыт Алматы халық шаруашылығы институтында, кейіннен Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, Қ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: