Аяулы Ана

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Аяулы ана

Ана. . . Өмірдегі ең киелі есім. Нәзік атау. Бір ауыз "Ана" деген сөзді естігенде барлық аяулы Ананың бейнесі көз алдыңа елестейді. Ананың алақанындағы жылылық, жүрегіндегі шексіз мейірім, көздеріндегі жанашырлық бұл тек әйел затының бойынан табылатын қасиет. Анаң сені өмірге келмей жатып мейіріміне бөлейді, жылы сөздерімен еркелетеді, құрсағында аялайды. Ал жарық дүниеге келген соң, сені өз өмірінен артық жақсы көреді. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Сенің тәнің ауырса, Ананың жүрегі мен жаны қоса ауырады. Әрдайым сенің тілеуіңді тілейтін де - Ана. Сен биікке шықсаң төбесі көкке екі елі жеткендей қуанады. Басыңа қайғының қара бұлты төнсе, сенен бетер жапа шегіп мұңға батады. Сені ештеңеге қарамастан түсінеді, кешіре біледі. Шалыс басқан сәттеріңе көз жұма қарайды. Мейлі, сен жүз жерден кінәлі болсаң да, ол сені жақсы көруін тоқтатпайды. Сен үшін уайымдайды. Қаншама түндер көз ілмей сенің жағдайыңды ойлаумен мөлдір көздің мұң тамшысын қалай сырғанатқанын байқамай да қалады.
Жүрегіңе жасырынған мұңың мен сырыңды Анаңмен бөліс. Себебі, тек Ана ғана сенің жүрегіңдегі мұңыңды сен айтпай-ақ жанарыңнан аңғарып алады. Сондай сәттерде Анаңның құшағына енсең, тап бір жұмаққа қадам басқандай боласың. Сәбидің ең биік қорғаны - аяулы анасының ып-ыстық, мейірімге толы, дархан даладай кең құшағы, деп айтар едім. Сондықтан да Ананың құшағы біз үшін аса қымбат.
Ал оның "балапаным, құлыным, ботақаным" деп еркелеткені тіптен өмірдегі ең жақсы сөздерден асып кетеді. Мейірім, кешірім, махаббат, жылылық барлық жақсы қасиеттер бір ғана Ананың бойынан табылғаны қандай керемет! Қандай бақыт! Сырласарға серік таппай қиналсаң, әрдайым Анаң сені қалтқысыз тыңдап, жүрегіңдегі жан-жараңды түсінеді. Сенің дұрыс бағыт-бағдармен жүруіңді, ешкімнің ал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: