Аяулы Ана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

әлі өзгелерден көрген емеспін. Мен үшін Анамның маған қымбат киім, бағалы заттар әпергені маңызды емес. Бастысы жан Анамның мейірімі, жылы сөздерімен еркелеткені, дархан даладай кең құшағына әлі де болса көзіне кіп-кішкентай сәби болып көрінетін ерке қызын басқаны әлдеқайда қымбаттырақ.
Әрине, Анамның маған берген мейірімі мен тәрбиесін, мені асырап баққан еңбегін өтей алмасым айдан анық. Дегенмен де, Анамның бақыты үшін мен биікке ұмтыламын. Әрдайым жанынан табылуға тырысамын. Себебі: Анам менің қуанышым мен қайғымда да қасымда жүрді. Анама деген алғысымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Мен де Анам сияқты әр түн сайын ұйқыға жатар алдында Алладан ата-анама медеу тілеймін. Менің қос бәйтерегімнің мәңгі жайқалып тұрғанын сұраймын. Сол арманымның орындалатынына үміттенемін, амал жасаймын. Аяулы Анашыма деген махаббатымды күнделікті әніме қосып кіршіксіз тап-таза жанарына қарап тұрып айтып беремін.
Жан Анашым! Мен сізді өмірімнен артық жақсы көремін! Алғысым шексіз сізге! Мені адам етіп тәрбиелегеніңіз үшін, өміріме нәр бергеніңіз үшін, мейірімге толы махаббатыңыз үшін, өмірден өз орнымды табуға жәрдем болғаныңыз үшін. Барлығы үшін сізге рахмет айтамын! Біздің өмірімізге шуақ болған, жығылып-сүрінсек қуат болған, бар асылымыз да, жанашырымыз да Анамызға мүмкіндігінше алғысымызбен қатар жылы сөздерімізді де айта жүрейік. Кіп-кішкентай сәби кезімізде Анамыздың мейіріміне біз қалай мұқтаж болсақ, Анамыз да біздің бір ауыз сөзімізге, еркелігімізге мұқтаж. Егер біз Анамызға еркелікпен: "Анашым, сіз менің баға жетпес байлығымсыз, сізді жанымнан артық жақсы көремін, менің Айым да, Күнім де сізсіз, Анашым!"деген жылы-жылы сөздерімізді жиі айтатын болсақ, Анамыз күні бойы қуанып жаздай жадырап, күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүреді. Төлеген Айбергенов ағамы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: