Аяулы Ана

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

з "Ана" деген өлеңінде: "Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін Ананы" - деп жазыпты. Шынымен де Ананы сыйлау үшін байлық та қажет емес. Тек аяулы Анамыздың бізге сыйлаған мейірімін біз де дәл солай сыйлай білсек болғаны.
Жаһандағы баға жетпес хор қызындай сұлу да сымбатты, мейірімді де жанашыр Анашыма деген шексіз алғысымды жүрек жарды жырыммен жеткізгім келеді.

"Гүл - Нұрым"
Жыласам тербететін бесігімді,
Өзге түгіл білмегенде есімімді.
Ып-ыстық құшағыңа салып алып,
Аштың маған өмір атты есігімді.

Түн ұйқыңды төрт бөліп аяладың.
Аяладың.
Мен үшін жаныңды да аямадың.
Өмір дейтін бақытты тарту еткен
Сенің ғана бағыңды саяладым.

Анашым, Гүлнұрым, Күн нұрым,
Бақытпен қауышар күн бүгін.
Алғыс айтып сәбилік сезіммен
Ақ жырын арнайды қыр гүлің.

Күннің нұры төгіледі көгімнен,
Күнімсің ғой сәулең маған төгілген.
Аспандағы ай ма екенсің? Әлде,
Бағымбысың бақыт болып көрінген?!

Аққуымсың - көл бетінде қалқыған,
Күн нұрындай жаралғансың алтыннан.
Қарлығашсың қанат жая самғаған,
Балапанмын еріп жүрген артыңнан.

Жарық жұлдызсың - аспанымда жайнаған,
Күлімдесең, құлпырар барлық айналам.
Сен менің шабытымсың шарықтаған,
Сенсіз жырым қанатын да жаймаған!

Сен күйімсің мен билейтін шаттана,
Мен жүремін қуанышыңнан бақ таба,
Мына ғалам ұланғайыр болғанмен,
Сол әлемге атыңды айтам мақтана!!!

Авторы: Арықова Ғ. Т.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: