Аяулы Ана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

а жібін аттамауыңды, қашан да адал болуыңды қалайтын тек Ана ғана! Сенің Анаң тағамды да дәмді әзірлеп қоймай, сенен кеткен қателікті түзету үшін небір қатал сын-ескертпелерді, ауыр сөздерді жұмсақтықпен, асқан сабырлықпен жүрегіңнің түбіне жеткізеді. Оның саған айтқан әрбір ақылы міндетті түрде керек болады. Себебі: оның өмірден түйгені көп. Анаңның айтқан бір ақылын тыңдамай сен өмірде мың қателік жіберуің мүмкін. Сондықтан да Анаңды бар кезінде бағалап, қадірлей біл! Мейлі, оның саған ұрсып айтқан сөздері сүйегіңнен өтіп кетсін, ол саған айтқан ақылы. Оның ойлайтыны тек баласының бақыты. Сенің бақытты болуың Анаңның жүзіне мейірім, шуақ төгіп, оны да бақытқа бөлейді.
Ананың балаға деген махаббатын сөзбен жеткізу тіпті де мүмкін емес. Анаңның қолынан келген әрбір жақсылық ол бәрінде бірдей бола бермейді. Ешкім сені Анаңдай еркелетпейді, ешкім құшағына қысып әлсіз көз жасымен саған деген махаббатын білдірмейді. Сен үшін күн демей, түн демей Алладан жәрдем тілейтін де жалғыз-ақ Ана.
Асыл анам, сенен қуат алайын,
Алдым сенен атар таңның арайын.
Сенің ғана жанарыңда тұратын,
Мейірімді қайдан ғана табайын?! -
деп жырлапты бір ақын. Расында да Ананың жанарындағы балаға деген мейірімді байқамай тұра алмайсыз. Тіпті ол өзгенің баласын өз баласынан кем көрмей, сол жанардағы кіршіксіз мейіріммен қарап, туған баласындай еркелетеді. Егер де маған сенбесеңіз өзіңіз байқап көріңізші. Ол үшін тек Анаңыздың мөп-мөлдір жанарына бір-ақ сәт мұқият қарап көріңіз. Сіз үшін сол да жеткілікті. Анаңыздың қос жанары үн-түнсіз сізге бәрін дәлелдеп береді.
Менің қаладан ауылға қарай асығатын кездерім көп болады. Оның жалғыз себебі бар. Мен тек Анамның мейірімге толы көздерін көру үшін асығамын. Анама үнемі еркелікпен қараймын. Анамның жанарындағы мейірімді мен

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: