ны өте кең. Атап айтқанда, симфония мен опера, кантата мен симфониялық поэмалар, камералы-аспапты, вокальды - хор шығармалары, әндер мен романстар, сондай-ақ балалар мен драмалық спектакльге арналған музыкалық спектакльдер. Сазгердің шығармаларында туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы сияқты тақырыптар басты орын алған. Сондай-ақ соғыс пен бейбітшілік тақырыбы да ауқымды қамтылған.
Ұрпақ тағдыры жайлы жазылған Сәкен Жүнісовтің "Жаралы гүлдер" спектакліне музыка жазған Теміржан бұл шығармасын өз тағдырымен сабақтастыра жазып, сонау бір жылдары соғыстан қайтпаған әкесін аңсаумен еске алады.
Теміржан Базарбаевтың шығармаларында Абай өмірінің маңызы зор. Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Төкен Ибрагимовтың либереттосына "Жас Абай" операсын жазып, ұлы тойда көпшілікке орындағанда тыңдаушы тәнті болып, композитордың дарындылығын мойындаған. Ал Абай өлеңіне жазылған романстардың өзі әуендік үйлесімі ақын әндерімен сабақтас.
"Жас Абай" операсын тыңдау.
Композитор Теміржан Базарбаевтың симфониялық оркестрге арнап жазған "Тор жорға" атты шығармасы, "Мерекелік увертюрасы", "Жыл мезгілі" атты тақырыпта жазылған циклы, "Ботагөз" атты симфониясы дарын иесінің қаламынан туған сәтті туындылар.
Теміржан Қадыр Мырзалиев, Жабайыл Бейсенов, Жұбан Модағалиев, Қасым Аманжолов, Бәкір Тәжібаев, Тұманбай Молдағалиев, Серік Тұрғынбеков және Тұрсынай Оразбаеваның өлеңдеріне ән шығарды. Солардың ішінде көпшілікке танымал "Ауылым", "Тамаша", "Қаздар қайтқанда", "Студенттік кештер" әндері қай қазақтың болсын жанын тербеп, даланың самал желіндей желпіп, жүрек түкпіріндегі асыл сезімдерін оятатыны сөзсіз.
Қазақ радиосының алтын қорында сақталған е
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>