Ауылым. Теміржан Базарбаев шығармашылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

. Ата-анасынан жетім қалып, тағдырдың бір жасынан дайындаған сыйын көріп, көп қиналған бала өмір толқынында шынықты, шыңдалды. "Теміржан Базарбаев қазақ өнеріндегі үлкен тұлға. Ол, әсіресе, қазақтың музыка педагогикасында 1961 жылдан бері музыка колледжінде ұстаздық етті. Ол композитор Құдыс Қожамияровтың шәкірті еді.
Қарабұлақтағы балалар үйінде тәрбиеленген кезінде ат-арбамен Нұрғиса Тілендиев пен Бекен Жылысбаев келіп, дарынды балаларды тыңдайды. Біріне өлең, екіншісіне ән айтқызып көреді. Содан үш баланы таңдап алып, арбамен алып кетеді. Жолда бір дөңнен асқанда балалар қашайық деп ақылдасады. Екеуі қашып үлгереді. Теміржанды Нұрғиса ұстап алады. Лепсіден болашақ композитор Еркеғали Рахмадиевті арбаға салып алып, Нұрағаң мен Бекең Алматыға келеді.
Теміржан музыка мектебінде вольторен аспабында ойнайды. Ұстаздары жоғары сыныпта оқып жүргенде ән жазатын қабілетін байқап, баули бастайды. Мектеп бітірген соң Теміржан консерваторияға Құддыс Қожамияровтың сыныбына оқуға түседі. Кейін жолдамамен Семейге барады.
Композитордың жанрлық диапозоны симфония мен опера, кантата мен симфониялық поэмалар, камералы-аспапты, вокальды - хор шығармалары, әндер мен романстар, балалар мен драмалық спектакльге арналған музыкалық спектакльдер.
Теміржанның үлкен туындыларының бірі - "Қалың елім" деген симфониялық оркестрге, жеке хорға арналған шығармасы, бұл сәтті туған дүние. Сондай-ақ дипломдық жұмыс ретінде екі симфония жазған. Оның балаларға арналған "Жыл мезгілдері" деген циклдері, 200-ге жуық әндері бар.
Ән жазу үшін аккомпонимент, теория, гармонияны, контрапункты жақсы білу керек. Мен соны Темкеңнен көп үйрендім"-дейді сазгер.
Міне, жақсыдан шарапат" дегендей, халқымыздың аяулы ұлдары Нұрғиса мен Бекен ағасының қам

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: