Ауылым. Теміржан Базарбаев шығармашылығы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

лу шақты шығармаларының көпшілігін семейлік әнші Дауыл Хайруллин орындаған екен. Дауылдың орындауындағы "Шалқыма", "Қалай жүрсің сағынбай", "Есіңде бар ма жас күнің", "Жаңа жерлер, жасыл көлдер" әндері өз кезінде автордың ойынан шыққан шығармалар.
Киелі өнер жолына түсіп, қажырлы еңбек етіп, нәтиже шығарған бабалар үнін ұрпаққа жеткізген тума дарын иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Теміржан Базарбаевтың қамшының сабындай қысқа ғұмырындағы өткен өмір соқпағы өміршең өнерге сара жол ашты. Зерттеуді қажет ететін Теміржан шығармаларының алтындай жарқырап халқына жетер шағы әлі алда. Тек артында еңбегін зерттеп, халқына жеткізер жоқтаушысы болғай!
Ұлы композитор Теміржан Базарбаевтің "Ауылым" әнімен танысу және оны тыңдау
oo Әйгілі "Ауылым" әніне композитор музыкалық құбылыс мүмкіндіктерін сіңіре алған. Тек арқауын халықтық әуен табиғатынан алған осы әннің өміршеңдік ғажайып тағы бір қасиетін ескерген жөн. Өрістен жаңылып,ауылдан алыстап кеткенімізді, жанымызға жұтаңдық ене бастағанын дәл осы ән еске салғандай: ән үнінен жуа мен жусан исін жұтып, көк жайлаудың көгілдір түтінін де жаңа көргендей , қымыз құмарымызды да осы ән алып келгендей бола қаларымыз құпия емес. Ал әннің өнерлік көркем қуаты- кезінде Одақ аренасы Съездер сарайы сахнасына көтерілуі еді. Қала далада бұл әнді салмайтын ел кем де кем. Жабайыл Бейсеновтың өлеңі мен Темекеңнің үн әуезі сызатсыз сіңіскен. . Ән қандай, әнші қандай демекші, Жабайыл Бейсеновтың өлеңіне жазылған "Ауылым" әні жетпісінші жылдары әуе толқыны арқылы насихатталып, тыңдаушының сүйіп айтатын әніне айналды. Той-думанда шырқалатын бұл ән жүректерге жол тауып, сезім қылын шертетін, қиял жетегіне ертетін. Осынау тамылжыған "Ауылым" әні ау

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: