Ауылым. Теміржан Базарбаев шығармашылығы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

қорлығын көрген Теміржан алғаш музыкалық білімді Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінен алса, кейін Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға түсіп, профессор Құддыс Қожамияровтың композиция класы бойынша бітіріп шығады. Консерваторияны аяқтағаннан кейін Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде теория бөлімінің меңгерушісі әрі аға оқытушысы болып, ұзақ жыл бойы жемісті еңбек етеді. Тумысынан аз сөйлеп, көп тыңдайтын Темкең осы бір ұстаздық еңбекті жанындай жақсы көріп, ауылдан келген дарынды жастарды өнерге баулып, қажырлы еңбектен нәтиже шығара білді. Қазірде өнер сахнасының майталманы атанған Тұрсынғазы Рахимовтың сазгерлік жолға түсуіне ағалық қамқорлығын көрсеткен де Теміржан Базарбаев еді. Кешегі сал-серілердей музыканың қағидаларына көп бағына бермейтін даланың ерке әншісі Теміржаннан ән шығарудың қыр-сырын көп үйреніп, ғибрат алады.
- Маған Темкең ән шығарып отырғанда ғана емес, әңгімелескенде де, тіпті көшеде аяңдап бара жатқанда да көкірегін ән билеп, жүрегі күмбір қағып бара жатқандай боп көрінетін. Өңіне дұрыстап қарасаң, саған күлімдей амандасқанда жанарынан ән төгіліп кете жаздайтын. Темкеңнің бойын билеген алланың берген дарын ғой - деп Тұрсынғазы сөзін жалғастырды:
- Теміржан Базарбаев менің ұлағатты ұстазым, жиырма жыл жанында жүрдім. Мыңжасар Маңғытаев екеуі жолдас болды. Темкеңнің білімі мұхит, ол жайлы композитор Нұрғиса Тілендиев "мұндай композитор аз" деп айтып кеткен, өнерін мойындаған. Ол кісінің әндерінің бәрі Шәкәріммен, Абаймен үндес, өнері ұштасып жатады"
Теміржан Базарбаев оншақты жыл Семейдегі Қазақстан Композиторлары одағы бөлімшесінің төрағасы болып қызмет етті. Сол өлкедегі сазгерлердің басын қосып, ақыл-кеңесін берді, өнер ұйтқысы бола білді.
Композитордың жанрлық диапозо

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: