ыл көрінісін, қимас шақтарды еске түсіріп, жаныңды жадыратып, қуаныш сезіміне бөлейді. Бұл ән халықтық үні бар әуенге бай, даладай дархан әндеріміздің бірі.
І - топ: композиторлар орталығы
1. Теміржан Базарбаев кім? Қашан?, Қайда? дүниеге келген?
2. Бүгінге дейін оның қандай шығармаларымен таныстық?
3. Өз ауылыңды өлеңмен жырла?
ІІ - топ: әншілер орталығы
1. Теміржан Базарбаев қай ақындармен бірігіп ән жазды?
2. Оның әндерінен ненің бейнесін көреміз?
3. Өз ауылыңды өлеңмен жырла?
ІІІ - топ: ақындар орталығы
1. Композитор қандайспектакльге музыка жазды?
2. Қандай лирикалық әнін білесің?
3. Өз ауылыңды өлеңмен жырла?
Ауыл ақындары жырлайды.
Біздің ауылымыздан шыққан Манас Қайыртайұлының, Мерей Қартовтың, Жанжігіт Омарханның ауылға, туған жерге арналған өлеңдерін 3-топқа жаттап келуге берілген болатын. Енді өлеңдердң оқып жіберейік.
Барқытбел асқар,барқытбел биік,
Бауырынан алған сарқытты ел жиып.
Барады бірге самалмен соққан,
Боз бетегелі шалқып кемиық. (Манас Қайыртайұлы)
Артында түидек шаң қалатұғын
Талайлар көріп таң қалатұғын
Текті құлыны тұрпаты бөлек
Тарбағатайдай паң даласының. (Манас Қайыртайұлы)
Ауылымның мақпал түні
Бой сергіткен ақ салқыны
Сыңғыр аққан сумен бірге
Шертіледі шатқал сыры. (Манас Қайыртайұлы)
Еркелеймін Үштөбе анасыңда
Сенен өсіп өрмелер бала шыңға
Саласында өмірдің тамыр жаям
Өскен талдай Боғастың жағасында (Манас Қайыртайұлы)
О,Өкпеті кәрі тау құтты мекен
Ұрпағың ұлылықты ұқты ма екен
Абылайдың түсіндей болмасын деп
Нар бабалар ауыр мұң жұтты ма екен
Жоқ әлде келешегін кемел көріп
Бойға қуат ойға шуақ тұтты ма екен
Мұның бәрін сіңіріп санамызға
Сен
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>