Ауылым. Теміржан Базарбаев шығармашылығы

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8

неге сөйлемейсің құтты мекен (Манас Қайыртайұлы)

Шапағат бар батқан күннің кешінде
Атқан таңы әлі менің есімде
Үштөбе деп аталатын ауылым
Тарғыл тасты Тарбағатай төсінде (Мерей Қартов)

Уа,Үштөбе ұл өсірдің ұлықты
Қыз өсірдің кішіпейіл қылықты
Рухыңнан айналайын туған жер
Талай ұрпақ тағзым саған қылыпты (Мерей Қартов)

Сағындым ауыл жотаңды сенің
Жүректен жалын от алды сезім
Туған жер десе толғатып тілім
Бейкүнә жырға босанғыш едім (Жанжігіт Омархан)

Сағындым ауыл тауыңды биік
Тасыңда өрген табынды киік
Сен жайлы біреу бөтен сөз айтса
Кетейін қазір жанымды қиып (Жанжігіт Омархан)
"Ән әлемінде"
Композитор Теміржан Базарбаевтің "Ауылым" әнін хормен орындау.
Оқушыларды бағалау.


ІХ. Үйге тапсырма: "Ауылым" әнін жаттау Т. Базарбаев туралы деректер жинақтау.

ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Үштөбе ауылы "Өкпеті" орта мектебі
Сынып жетекшісі Қошыманова Салтанат Тунгатовна
Музыка пәні мұғалімі Құнафин Бекболат Ағзамұлы




Страницы: <<  <  6 | 7 | 8
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: