; деген мағна беретін музыкалық термин. (аккорд)
2. Музыкалық тақырыптың аяқталған мағнасы бар бөлшегі. (фраза)
3. Дыбысты еркін созу белгісі. (фермата)
4. Дыбысқа толықтық,жылылық беретін тербеліс әдісі. (вибрация)
5. Тональдықтың аты аталатын негізгі тон. (тоика)
6. Қолма-қол,суырып салма әдіспен музыка шығару. (импровизация)
7. Халық әуеніне еркін формада жазылатын аспаптық шығарма. (рапсодия)
8. Қазақтың музыкалық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. (күй)
9. Жалғыз немесе бірнеші аспап пен оркестрге арнайы жазылған шығарма. (концерт)
10. Орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма. (этюд)
11. Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығы болады. (екпін)
12. Ширақ,қыздыра қай екпінге жатады . (жылдам екпін)
IV. Балалар! Енді бүгінгі сабағымызды композитор Теміржан Базарбаев шығармашылығына арнаймыз. .
- Әсерлі де сұлу ән қашанда тыңдаушының жүрегіне нұр шашып, әсемдік әлеміне жетелейді. Жаны жүдегенде де, қуана шаттанғанда да тыңдаушының іздейтіні - сұлу ән.
Өміршең өнерде сағыныш пен тәтті мұң бірдей сезіледі. Ана әлдиімен бойға сіңген әуен ырғағы адам баласының көңіл-күйін реттеп, алдағы күнге үмітпен қарауға септігін тигізеді.
Біздің балалық шағымыз өткен ауыл өмірінің қимас шақтарын, кіндік қанымыз тамған қасиетті топырақтың ерекшелігін әнге қосып, аңсау мен сағынышты арқау еткен ағаларымыздың бірі - композитор Теміржан Базарбаев.
Жұмыр басты пенденің жер бетіне келгендегі тағдыры әрқилы болып келеді. Біреулер бақытты өмір сүрсе, ал кейбір адам тағдыр талқысына түсіп, өмір соқпағынан қинала өтіп, сара жолға түседі.
Теміржан Базарбаев 1935 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Алакөл ауданына қарасты "Жалғызағаш" ауылында дәрігер отбасында дүниеге келді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>