Тәрбие сағатының тақырыбы: Т. Базарбаев "Ауылым" әні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, Теміржан Базарбаев әндерімен, толығырақ таныстыру. "Ауылым" әнінің шығу тарихы туралы мағұлмат бере отырып әнді үйрету.
Дамытушылық: Музыканы, әнді тыңдау және оны тыңдауға баулу. Әншілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақ халқының ұлы тұлғаларын үлгі тұтуға және олардың шығармалары арқылы халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Рухани жан - дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, композитордың суреттері, "Отырар сазы" оркестрінің суреті, семантикалық карта,"Теміржан Базарбаев " тірек - сызба, үнтаспа.
Сабақтың түрі: кіріктірілген /информатика, музыка/ сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу тренингі
oo Салем достым! (амандасады)
oo Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
oo Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
oo Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
oo Сен келдің (қолдарын жаяды)
ІІ. Оқушыларды түгелдеп болған соң, сабақты бір шумақ өлеңмен бастау. Мына әуен қай әнге тиесілі. (халық әні Ақ дариға)
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп.
Жұлдыздай жарқырап,
Сабақты енді бастаймыз.
Топтарға бөлу. "Қағаз қиындылары"
Бірнеше қағаздардың әрқайсысына мақал-мәтел жазылып топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру. Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып сол бойынша топ құрады.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
ІІІ. Балалар! Музыка пәнінен алған білімдеріңді пысықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Италиян тілінде "үйлестіру,үндестіру"
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>