күрделі түрлерін қамтиды.
Дене жаттығуы еркіндік сипаттағы белсендіқимыл әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді:
Таңертеңгілік жаттығу
Қимыл – қозғалыс ойындары мен спорт ойындарының элементтері бар ойындар
Спортық жаттығулар
Қарапайым туризм
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері
Күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат, спорттық мерекелер, ойын сауықтар
Балалардың өз беттерінше қзғалу қызметі
Жоғарыдағы аталған жұмыс түрлері бір- бірімен байланысты әрі жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды. Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл – қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады.
Дене шынықтыру сабақтары балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына екі рет өткізіледі.
Ересек балалар топтарында ақыл – ой жұмсауды талап ететін сабақтарды (сауат ашу, есеп шығару ) өткізгенде тәрбиешілер сергіту сәтін жасайды, ол баланың қозғалыс қабілетінің қажетті деңгейде болуын қамтмасыз етеді.
Балалардың қимыл – іс әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру сабақтарымен шектелмейді. Сабақтан бос уақытта балалардың қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударылуы керек. Тәрбиеші балалармен түрлі ойын, жаттығу өткізеді
Күн режимінде балалардың таза ауада болуына уақыт бөлінеді. Режимнің сөзсіз орындалуын, серуенің мазмұнды да қызықты болуын, қимылды іс- әрекетердің анағұрлым тыныш әрекетерімен алмастырылып отыруын қадағалау қажет. Балалардың қимылын, ептілік
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>