Ата-анамен жұмыс

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден – бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне- өзі қызмет етуге, мәдени –гигиеналық машықтарды қалыптастыруға , еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриотық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ, балабақшада тәрбиемен бірге оқу – тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші – педагог мамандармен бірге ата – ана да бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз.
Кішкентай бүлдіршіндерді өнер, білімге баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз - әңгімелердің, өлең – тақпақтар мен мақал – мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор. Өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл- ойын жетілдіреді.
«Дені саудың – жаны сау»
Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрлысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұлміндеттердің маңыздылығы мынада; организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сырқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөіңстерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек.
Дене жаттығуы – дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: