і балалар жақсы көрмейді. Бала өзінің қылықтарына әділ бағаға үйретілмеген, көпшiлiгi ересектермен жақсы бағаланған.
«Отбасы және балабақша»
Адамзат баласының ең негізгі мақсаты – дүниеге әкелген ұрпағының
болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы
күнінен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналылыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленеріңіз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дариды . Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұзтаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікке үйренеді, сонан соң өзіне тән ар-ұят, ақыл- ой, адамгершілік қасиеттерге баулынады.
Сондықтан ата- ананың өзара сыйласымдылығы, өзін – өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында 5-7 жасқа дейін мінез бен тәрбие қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету қажет.
Әр баланың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қалатынын естен шығармауымыз керек.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр –сырын терең игерген педагог – тәрбиешілерді даярлауда оқу - тәрбие ісін тәжірбиемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз – тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын , шығармашылық қабілетін шыңдауына,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>