Ата-анамен жұмыс

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

және батылдығын дамыту үшін доптың, секіріп ойнайтын жіптің, шеңбердің лақтыру сақинасының, сүйреуіш арбанын және басқа құралдар мен ойыншықтардың маңызы зор.
«Баланыңызбен бірге ойнаңыз»
Бала өміріндегі алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі.
«Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.
Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.
Ойын – оқыту , өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиеге дағдыландырады. Көпшілік адамдар арасында өмір сүру, айналасына қайырымды, адал болуға, қиналған кезде қол ұшын беруге тәрбиелейді. Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға, не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады.
Ойын - өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі.
Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығ, іскерлігі дамиды.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн.
Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрби

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: