Ата-анамен жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бала дамуындағы ата-ана ролі.
Ата-анасы жақсы болса, баласы да жақсы болады. Мұндай пікірді ести отыра, жақсы ата-ана деген ұғымды ашуға жие келеді.
Болашақ ата-ана бала тәрбиелеуде арнаулы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиелеудің ерекше тәсілдерін меңгеру жеткілікте деп ойлайды. Сөз жоқ, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан білімді болу керек, бірақ тек білімді болу жеткіліксіз. Әр уақытта өздеріне сенімі мол, кез келген жағдайда балалардың мінез-құлықтарын және олардың болашақ өмірін алдын ала болжай отырып, дұрыс әрекет жасауды пайымдауына қарай оларды жақсы ата-ана деп айтуға бола ма?
Баланаң мінез-құлқына кейбір өзгерістерді байқаған кездерінде, қандай жаза қолдануын білмей, ал егер де жазалаған жағдайында, өз әрекетін дұрыстағанына көздерін жеткізе алмай, ойларына қорқыныш билеп, абыржып қалатын ата-аналарды жақсы ата-ана деуге бола ма? Бала мінезіндегі оқыстық ата-анаға қорқыныш туғызады, олар балалардың алдында өздерін беделсіз санайды, кейде олардың жақсы көретініне сенімсіздік білдіреді. Жаман әдетке жақын деп өз балаларына жиі сенімсіздікпен қарайды, олардың болашығына алаң болады, жаман әдеттерін, көшенің жағымсыз әсерінен қауіптенеді, баласының психикалық денсаулығына күдікпен қарайды.
Сондықтан оларды да, басқаларды да жақсы ата-ана деп айтуға асықпайық.
Ата-ана еңбегі сәтсіздікке, түбінде жеңіске жеткізетін уақытша жеңіліске толы болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие-біздің күрделі де өзгермелі және қайшылыққа толы күнделікті өміріміз, мінез-құлқымыз, балаға деген сеніміміз. Әр бала бір-біріне ұқсамайтын сияқты ата-аналар да бір біріне ұқсамайды. Баламен қарым-қатынас жеке дар және қайталанбас.
Ата-ананың жеке басының қасиеті, адам өмірінде маңызды рол атқарады. Бала мен ата-ананың бір-біріне деген сезімдері басқа эмоцияналды бай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: