Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>

/>Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т. б. жатады.
Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).
Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.
Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

ІV. Бекіту.
Өсімдік су мен онда еріген минералды заттарды қайдан алады және ол сабақтың қабатымен қозғалады?
Үй тапсырмасы. Осы күнге дейін өтілген тақырыптардың барлығын қайталап келу
Күні : 13. 11. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 19.
Тақырыбы: Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке-жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: